14.12.2022
2022 жылғы 14 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде шығармашылық әлеуетті іске асыру және студенттердің экономикалық пәндерді оқуға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында «Бизнестегі табыстың құрамдас бөліктері» квест-ойыны өткізілді. Іс-шараның қонақтары жеке кәсіпкер -Е.В.Кисельников және «DAMU» АҚ СҚО бойынша өңірлік филиалының қызметкері- А.Е.Кабдрахманова болды. Ойын кәсіпкерлік қызмет мәселелерінде жалпы эрудиция мен кәсіби құзыреттілікке арналған бірқатар конкурстық тапсырмаларды қамтыды, бұл студенттердің жеке басына әсер етуге, экономикалық пәндерге қызығушылықты дамытуға мүмкіндік берді. Ойыннан кейін қонақтар мен кездесуге қатысушылар ойын туралы өз әсерлерімен бөлісті, кәсіпкер Е.В.Киселников студенттердің ұсынылған жобалары бойынша бірнеше маңызды кеңестер берді, бизнес жүргізу тәжірибесі туралы айтты. Квест ойындарының жеңімпаздарына грамоталар табысталды.